«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ төрағасының орынбасарлары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ директорлар кеңесінің 9 маусымдағы шешімімен компанияның басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндірістік мәселелер жөніндегі төрағаның орынбасары болып Мұхтар Керейбаев, корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Салтанат Шұнаева тағайындалды.
Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын Семей локомотив депосының ауысым шебері, өндіріс басшысы болып бастады.
«Резерв» РМК Семей филиалының басқарушы директоры, Бас директордың бірінші орынбасары, Бас директоры болды. 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Тыныс»АҚ зауыты бас директорының міндетін атқарды. Тағайындалғанға дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
Салтанат Аманғосқызы Шұнаева Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «КОМПЭКС – АТАМЕКЕН» СҮ менеджері, «Қазметаллбанк» АБ жетекші маманы, «Тұранбанк» КАБ халықаралық есеп айырысу бөлімінің экономисі болып жұмыс істеді.
1995 жылдан 2005 жылға дейін – «Еуразиялық банк» АҚ бөлім басшысы, департамент директоры, басқарушы директор, Басқарма мүшесі. «Kazyna Capital Management» департаментінің директоры, басқарушы директор, департамент директоры, 2008-2016 жылдаы «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры болды. Тағайындалғанға дейін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.
- Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
- Асқар Мамин: Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс істейді
-
Жаңа құрамдағы Мәжіліс: Палатаның екі комитетін парламенттік оппозиция өкілдері басқарады
-
Президент Премьер-Министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам