Қазақстан инвестицияларының 50% Еуропа елдерінен түскен – Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанға инвестиция салған мемлекеттер туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізге 120-дан астам елден 330 млрд АҚШ доллары болатын инвестиция түсті. Оның 50% астамын Еуропалық Одақ елдері салған. Оның ішінде Швейцариядан 25,8 млрд, Франция (16,1), Италия, Бельгия, Нидерланды елдері бар. Екінші орында тұрған АҚШ Қазақстанға түскен тікелей инвестициялардың 15% иеленді немесе 48,4 млрд АҚШ долларын құрады. Шамамен 5% - Ұлыбритания мен Қытай инвесторларына тиесілі. Бұл қатынас соңғы онжылдықта өзгерген жоқ», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

1 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда 20 мың шетелдік компания филиалдары және бірлескен компаниялар жұмыс істеп жатыр.

«Оның 35% Қазақстан-Ресей компаниялары, 10% - Түркия компаниялары, 5,7% - Өзбекстан, 5,6% - Қытай, 3,1% - Германия және басқа да шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Бұл – әлемдік тәжірибе. Қазақстанның да компаниялары шет мемлекеттерде қарқынды жұмыс істеп жатыр», - деді Премьер-Министр орынбасары.



Соңғы жаңалықтар