Қазақстан интернет инфрақұрылымы бойынша 65-орында – Бағдат Мусин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан интернет инфрақұрылымының субиндексі бойынша әлемде 65-орында тұр. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медальдің екінші беті болатыны белгілі. Ол қазір біз үшін – инфрақұрылым. Цифрландыру әрі қарай алға басуы үшін, әрине, оған қолжетімділік мәселесін шешу керек. Интернет инфрақұрылым субиндексі бойынша жұмыс істеуді қажет ететін тұстар көп – 65-орындамыз. Яғни, онлайн қызметтер жөнінен 8-орында тұрсақ, интернет бойынша 65-орындамыз», - деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстанның келешегі цифрландырумен тікелей байланысты екенін еске салды.

«Менің ойымда интернетке қолжетімділік қазақстандықтар үшін мүмкіндік арнасына айналуы керек. Яғни, кез келген азамат, кез келген адам цифрлық игіліктерге қол жеткізе алатындай болуы қажет», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар