Қазақстан импортқа шығаратын тауарлар бағасы 2 пайызға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 3 айында экспортталатын тауарларға баға 2 пайыз жоғарылап, импортталатын тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы қара металл илегіне – 10,8, мұнайға – 7,5, мырышқа – 7,2, қорғасынға – 5,1, көмірге 3,4 пайыз төмендеді. Темір кендеріне – 14,7, мыс кендеріне – 14,1, ферроқорытпаларға– 6,6 , каучукке – 2,9, мысқа 2 пайыз жоғарылады. Бағаның жүнге 0,1 төмендеуі, арпаға – 5,7, бидайға 3,9 пайыз жоғарылады.

Импортталатын өнімдерден темекі – 9, балық – 7,7, көкөністер – 5,2, құс еті – 3,4, какао – 1,1, кофе – 0,6, өсімдік майы 0,5 пайыз қымбаттап, шұжық өнімдері – 9, маргарин – 5,3, сүт өнімдері 2,8 пайыз арзандады. Баға сүрекке – 5,1, сырлар мен лактарға – 3,3, аяқ киімге 0,5 пайыз төмендеді.


Соңғы жаңалықтар