+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстан Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасады

2021 жылғы 16 тамыз 11:20
Бөлісіңіз:
Қазақстан Илон Масктің компаниясына ұсыныс жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бағытында барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда жастардың жаппай төбелесі: Полиция мәліметі Қызылорда облысында 200-ден астам елдімекен кең жолақты интернетпен қамтылған

«Естеріңізде болса, мен наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын. Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илонк Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын»,-деп жазды министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT