Қазақстан хоккей құрамасының ӘЧ-ге баратын кеңейтілген құрамы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының Финляндияда өтетін әлем чемпионатына дайындыққа қатысып жатқан хоккейшілерінің кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен шеберлік байқасады.

17 сәуірде елордада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды. Оған шақырту алған хоккейшілердің кеңейтілген тізімі жарияланды.

Аталған хоккейшілердің тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Ресей), Илья Румянцев («Арлан»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Роман Савченко, Егор Шалапов (барлығы – «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист», Ресей), Дмитрий Громов («Торпедо»), Даррен Диц (ЦСКА, Ресей), Артем Королев, Александр Пелевин (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эмиль Нұрғалиев, Кирилл Полохов (екеуі – «Сарыарқа»), Виктор Сведберг («Авангард», Ресей), Иван Степаненко («Бейбарыс»)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Кертис Волк, Дмитрий Гурков, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Павел Акользин («Металлург»), Станислав Александров, Максим Мухаметов («Номад»), Дмитрий Гренц («Торпедо»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі – «Сарыарка»), Батырлан Мұратов («Rovaniemen Kiekko», Финляндия), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Евгений Рымарев («Югра», Ресей), Дмитрий Шевченко («Авангард», Ресей)

Еске салсақ, дүбірлі додадағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.



Соңғы жаңалықтар