Қазақстан халықаралық қауіпсіздік орталығына айналу жолында нық қадамдар жасауда - Анадолы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан сенімді түрде  халықаралық қауіпсіздік, бейбітшілік, орталығына айналу жолында, экономикалық даму және мәдени гүлдену бағытында сенімді де нық қадам басып келеді. Бұл туралы түріктің  Анадолы агенттігі  сайтында жарияланған  мақалада кеңінен қамтылған.

«Кеңес одағы күйрегеннен кейін 1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Заң қабылдады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Жоғарғы кеңесі «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» Заң қабылдап, осылайша Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Түркия, АҚШ және Қытай егемен мемлекеттің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы сайлауы 1991 жылдың 1 желтоқсанда өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске жетті. Мемлекет басшысы Қазақстанды халықаралық қауіпсіздік, бейбітшілік, экономикалық және мәдени гүлдену орталығына айналдыруды, елдің қарқынды өсіміне қол жеткізуді алға мақсат етіп қойды.

Назарбаевтың алғашқы қадамдарының бірі - Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы болды. Мемлекет басшысы стратегиялық мақсаттарды алға қойды. Оған қол жеткізу Қазақстанның мемлекет ретінде табысты қалыптасуына, оның тұрақты дамуына, халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге және әлемдік қоғамдастықтың қатарынан орын алуға кепілдік берд»,- делінген мақалада.

Сондай-ақ 1997 жылы Қазақстан көшбасшысы қазақ елордасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылдағандығы, салыстырмалы түрде алғанда қысқа ғана уақыттың ішінде әлемнің ең жас елордасы жаһандық бастамалар талқыланатын беделді алаңға айналғандығы да  кеңінен қамтылған.

«Астанада Иранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер өтіп, сириялық жанжалды реттеу жолдары талқыланады,  көптеген халықаралық және өңірлік экономикалық әрі мәдени шаралар ұйымдастырылады», деп атап өтілген.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2 есеге жуық өсім көрсетті. Елдің көліктік инфрақұрылымына инвестиция тартудың нәтижесінде Қазақстан өңірлік көліктік және транзиттік хабқа айналды.

Бүгінде біз 1991 жылы Қазақстан халқы таңдау жасаған зайырлы дамуы жолының дұрыс екендігін көріп отырмыз.

Қазіргі уақытта Қазақстан білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларында дамыған жүйеге ие.

Тәуелсіздік жылдарының ішінде кедейшілік 15 есеге қысқарды, азаматтардың шынай табысы 4 есе көбейді, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жылға жетті.

27 жылдың ішінде халық саны 12,2 пайызға артып, 18,38  млн адамды құрады.

Елдегі инвестициялық ахуалды сапалы жақсартуға мүмкіндік берген реформалардың арқасында Астана ұлттық экономикасына 300 млрд доллар көлемінде шетел инвестициясын тарта алды. Осылайша, бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшыға айналды.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.

Мемлекеттің Тәуелсіздік күні Қазақстанда, сонымен қатар шетелдік өкілдіктерде де кеңінен аталып өтілуде».

Соңғы жаңалықтар