Қазақстан халықаралық инновациялар байқауында жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халықаралық инновациялар байқауында жеңімпаз атанды. Бұл хабарды «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Тимур Рыспеков Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз халықаралық «Жылдың сапалы инновациясы» байқауында стартаптар мен микро-бизнес номинациясында жеңімпаз (Prize Winner) атанып, Қытайды, Ресейді және көптеген елдерді басып оздық», - деп жазды Т. Рыспеков.

The best quality innovation of the year – 2007 жылы Финляндия бастамасымен құрылған жыл сайынғы халықаралық инновациялық байқау. Байқауға Еуразияның 25-тен астам ірі елдері қатысады. Онда үздік инновациялар критерийлер бойынша ұлттық кезеңнен өтіп, Еуропа елдерінің тәуелсіз сарапшылары енген халықаралық әділ қазылар алқасының бағалауынан өтеді.

«Халықаралық қазылар алқасы іріктеген байқау жеңімпаздарының сертификаттарына Финляндия президенті қол қояды. Бұл қатысушылардың жоғары құзыреттіліктерінің мойындалғанын білдіреді», - деп жазды ол.

Т. Рыспеков – 21 жастағы жас қазақстандық ғалым. Физика, информатика, математика саласында 28-ден астам патент алған және Big Data зерттеулерімен айналысады.


Соңғы жаңалықтар