Қазақстан халықаралық банктермен бірлесіп қандай жобаларды іске асырып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар орта білім беруді жаңғырту жобасын іске асыруды, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылысын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарды, сондай-ақ күре жолдарды реконструкциялау, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар жобаны жалғастыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкінің өкілдері қатысты.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар