Қазақстан Халық партиясының төрағасы сайлауда дауыс берді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Партия басшысы елордадағы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында орналасқан № 137 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен Парламенттік сайлау кампаниясы Жаңа Қазақстан құруға жасалған алғашқы және нақты қадам болды», – деді Е.Ертісбаев сайлау учаскесінде сөйлеген сөзінде.

Шындығында мұндай оң өзгеріс ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларының арқасында жүзеге асты. Қазақстан жаңа саяси реформаларғанық қадам басты.

«Президент өз сөзіне адал болды, – деді партия басшысы. – Халықаралық және ішкі жағдайға қарамастан, парламенттік сайлау өтті».

Қазіргі сайлау – бұрынғыдан өзгерек. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет можаритарлық жүйеге 30% берілді. Бұл қоғамның сұранысы. Себебі отандастарымыздың басым көпшілігі партия құрамында жоқ. Оң өзгеріс нәтижесінде қоғамдық көшбасшылар да додаға түсіп, бақ сынады.

«Бұл ел тәуелсіздігінің 30 жылдан астам тарихындағы ең қызықты, мазмұнды және бәсекеге толы сайлау болды», – деді Е.Ертісбаев.

Халық партиясы төрағасының пікірінше, тарихтың объектісі болған азаматтар осы тарихтың субъектісіне айналды және солай болуы керек.

«Бұл – халықтың жеңісі. Біз саяси сауатты мемлекетке айналдық, – деп қорытты ойын партия төрағасы. – Біз Әділетті және жаңа Қазақстан құрамыз. Бұл – Парламенттік сайлаудың басты нәтижесі».

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтті. Оларға жеті партияның өкілдері, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша бақ сынаған үміткерлер қатысты.


Соңғы жаңалықтар