Қазақстан Халық партиясы шың басында ерекше шара өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Бүгін, 13 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Киров» әскери-патриоттық клубының өкілдері оңтүстік астананың маңындағы тауларда үгіт-насихат шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХП Алматы қалалық комитетіне сілтеме жасап.

Белсенділер тобы Фурманов шыңына (биіктігі шамамен 3000 метр) көтеріліп, шың басына ҚХП символикасы бейнеленген үгіт-насихат баннерін орналастырды. Іс-шара Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында ұйымдастырылды.

ҚХП Алматы қалалық филиалының басшысы Әлібек Шапенов атап өткендей, үгіт-насихаттың мұндай форматы тектен тек таңдалып алынған жоқ.

– Сырттан қарағанда, мұндай әрекет ерекше көрінуі мүмкін. Бірақ біз үшін тау шыңдарын бағындыру дәстүрге айналған дүние, – деді ол.

Сондай-ақ ҚХП мен «Киров» клубы мұндай бірлескен шараны бұрын да бірнеше рет ұйымдастырған болатын. Олар бұған дейін «Турист» шыңын (3954 метр) және «Пионер» шыңын (4031 метр) бағындырған еді. Бұл жолы жылдың мезгілі мен ауа райын ескеріп, Фурманов шыңын бағындыру қолға алынды.

Температураның төмендігі мен тау жолдарының қаттылығы таңдалған маршруттың күрделі болатынын бірден байқатты. Десе де діттеген мақсатқа жетпей тыңбайтын табанды альпинистер шыңды ойдағыдай бағындырды.

ҚХП Алматы қалалық филиалы Жастар қанатының жетекшісі Тұрсынғали Әліптің айтуынша, бұл жолғы үгіт-насихат шарасы романтикалық әрі патриоттық сарында өрбіді.

– Алматы – таулы шаһар. Қалалықтар салауатты өмір салтын, демалыстың осындай түрлерін жақсы көреді. Біз де осы үдеден шығуға тырысамыз, – дейді ол.


Соңғы жаңалықтар