Қазақстан халық партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттар тізімін бекітті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан халық партиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда тізімде 120-дан астам адам болған еді. Біз орынды шынайы бөлу қажеттігін ескере отырып, тізімді қысқарттық. Қазақстан халық партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға 52 адам ұсынады», - деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев саяси ұйымның кезектен тыс ХХІІІ съезі барысында.

Оның атап өтуінше, партиялық тізімде алты ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың орташа жасы 50 жас. Сонымен қатар тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедек жандардвң үлесі 32,6 пайызды құрайды.


Фото: qhp.kz



Соңғы жаңалықтар