Қазақстан халық партиясы аралық қорытындыны шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының кеңсесінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен партия көшбасшыларының онлайн конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХП мүшелері сайлау науқанының аралық қорытындысын шығарып, алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауына дайындық жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

Өзекті мәселелерді талқылауға Қазақстан Халық партиясы көшбасшыларының бірі Жамбыл Ахметбеков қатысып, сөз сөйледі.

Ол мемлекет өнімді және лайықты ақы төленетін еңбек құқығын қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

– Экономика өсімді көрсетсе де, халық мұны сезбейді. Біз өнімдерді, тауарларды, жабдықтарды импорттаймыз және бағаның үздіксіз өсуін байқаймыз. Қазақстандықтардың доллардағы орташа табысы 2008 жылдан бері өсіп келе жатқан жоқ. Қазақстанға халықтық экономика қажет. Мұндағы негізгі басымдық – ЖІӨ-нің өсуі емес, тұрақты жұмыспен қамту және халық табысының өсуі, – деп пікір білдірді Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы.

Жамбыл Ахметбеков әріптестеріне ҚХП сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын еске салды.


Соңғы жаңалықтар