«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі Банк Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

«Банктің Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы шешіміне сәйкес банк Басқармасы құрамының саны 2015 жылғы 2 ақпаннан бастап 11 (он бір) адам болып белгіленді. Сондай-ақ, Құсайынбеков Қуат Қайроллаұлы және Салимов Ертай Исмаилұлы Банк Басқармасының жаңа мүшелері болып сайланды», - делінген хабарламада.

Құсайынбеков Қуат Қайроллаұлы 1988 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Халық банкінде 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Әр кездерде ақпараттық технологиялар департаменті банк жүйелерін жобалау басқармасы бастығының, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары - банктік ақпараттық жүйені жобалау және дамыту басқармасы бастығының, ақпараттық жүйелер департаментінің директоры орынбасарының, ақпараттық технологиялар департаменті директорының, ақпараттық жүйелер департаментінің директоры - басқарушы директордың, Бас банктің ақпараттық жүйелер департаменті директорының, басқарушы директордың, бас ІТ-директордың лауазымдарында қызмет атқарды. 2015 жылғы 02 ақпаннан бастап, Банк Басқармасының Төрағасы орынбасарының лауазымына тағайындалды.

Салимов Ертай Исмаилұлы 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірді. Халық банкінде 1995 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Әр кездерде валюталық операциялар департаментінде саудалық емес операциялар бөлімі бастығының, валюталық операциялар департаментінің асыл металдармен жұмыс бөлімі бастығы орынбасарының, халықаралық операциялар департаментінің асыл металдармен жұмыс бөлімінде жетекші банкирдің, халықаралық операциялар департаментінің асыл металдар бөлімінде жетекші банкирдің, саудалық қаржыландыру департаментінде Commodity бөлімінің бас банкирінің, коммерциялық департаменттің Commodity бөлімінің бас банкирінің, қазынашылықтың аға дилерінің, қазынашылықтың Forex, Money market операциялары басқармасы бастығының, қазынашылықтың саудалық операциялар басқармасы бастығының, қазынашылық директоры орынбасарының, қазынашылық директорының, бас ОПЕР басқармасы бастығының, бас операциялық директордың лауазымдарында қызмет атқарды. 2015 жылғы 02 ақпаннан бастап, Банк Басқармасының Төрағасы орынбасарының лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар