+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмақ пен семіздіктің зардабын тартып отыр

2013 жылғы 11 қыркүйек 16:26
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмақ пен семіздіктің зардабын тартып отыр

АЛМАТЫ. 11қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандағы балалардың 22 пайызы, ал ересектердің 55 пайызы (соның ішінде әйелдер 58%, ерлер 53%) артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясы, Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы мен Профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мен РМҒА академигі Төрегелді Шарманов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында жариялады.

Академиктің айтуынша, артық салмақ пен семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда қазіргі таңда семіздік әлемдік деңгейдегі эпидемияға айнала бастады. Әлемде жалпы өлім-жітімнің 60 пайызы тамақтану режимін бұзу салдарынан туындаған науқастардан болады. Сондықтан Қазақ тағамтану академиясы 2012 жылы Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы қалаларында тұратын 1-14 жас аралығындағы 830 бала мен жасы он бестен асқан 3735 ересек адамдардың денсаулығын тексеріп шыққан. Оның қорытындысына қарағанда, семіздік зардабын балалардың 11 пайызы, әйелдердің 28 пайызы, ал ер адамдардың 16 пайызы тартып отыр. Жас ұлғайған сайын артық салмақ пен семіздік құрығына іліккендер саны да арта түседі. Тексеруге қатысқан әйелдердің 10 пайызының, ерлердің 6 пайызының қанында глюкоза мөлшері шамадан артық. Бұл оларға қант диабетіне шалдығу қаупі төніп тұр. Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына түрткі болатын холестерин мөлшері де аз емес. Әйелдердің 25 пайызында, ал ерлердің 12 пайызында қандағы холестерин мөлшері шамадан едәуір артық болып шықты.

«Зерттеу нәтижесінде халықтың салмақ нормалары туралы, семіздік пен содан туындайтын аурулардың алдын-алу тәсілдерінен бейхабар екендігі анықталды. Респонденттердің 76 пайызы өз салмағын қалыпқа сай десе, 19 пайызы артық салмақ жинадым деп есептейді. Тек 18 пайызы ғана семіздікке шалдыққанын мойындайды. Салмағым нормадан артық деп есептейтіндердің 53 пайызы одан құтылу шараларын қарастырып көрген. Адамдардың басым бөлігі артық салмақ пен семіздіктің, дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын өзге де аурулардың алдын-алуда тамақтану мен дене шынықтыру факторларын ескермейді. Респонденттердің 92 пайызы дұрыс тамақтану жолдары туралы мәлімет алғысы келетінін айтқан және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі аталған мәселе жайында құлақтандырып отыру керек деп есептейді», - дейді Төрегелді Шарманов. Ғалымның сөзіне қарағанда, Қазақ тағамтану академиясы артық салмақ пен семіздіктің алдын-алу үшін калориясы төмен, пайдалы әрі сіңімді тағам түрлерін әзірлеп жатыр. Олар сүттен алынатын іркіт негізінде жасалып, оған адам ағзасына қажетті өсімдік стериндері, дәрумендер мен микроэлементтер қосылады. Қазіргі кезде аталған өнімдер клиникалық зерттеулерден өткізілуде. Жалпы Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жастар арасында денсаулыққа аса үлкен зиян келтіретін, денсаулықты ақсататын тамақтар мен сусындарға деген сұраныс жоғары. Мысалы, әрбір үшінші оқушы қалтасындағы ақшасын фаст-фудқа, әрбір үшінші бала кем дегенде аптасына бір рет тәтті газдалған сусындар ішеді, әрбір оныншысы энергетикалық сусындар сатып алады екен. Ал студент қауымның 60 пайызы фаст-фудпен ауқаттанады. Соның ішінде, әрбір жетінші студент күн сайын фаст-фудпен қоректеніп, газдалған немесе энергетикалық сусындарды да үзбей ішеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT