Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 423.56
RUB 5.55 CNY 54.06
Jańalyqtar

Қазақстан халқының табиғи өсімі 5 айда 103 мың адамды құрады

2018 жылғы 15 шілде 12:39 1746
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының табиғи өсімі 5 айда 103 мың адамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы статистикалық деректер шындыққа қаншалықты сәйкес келеді

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, қалалықтар - 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар - 7 739,0 мың адам (42,4%). 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 159,9 мың адамды құрады. Бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туғанды құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8 пайызға көбейіп, 103,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адам.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 56,4 мың адам болды. Бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4 пайызға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғанды құрайды.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 366 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,6 пайызға көп.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-мамырда 637 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,6 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 283 немесе 20,7%, тыныс органдары ауруларынан - 113 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан - 70 нәресте немесе 5,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 63 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғанға шаққанда 8,54 құрады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT