+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Қазақстан халқының саны бір жылда 244 мың адамға өсті

2021 жылғы 16 наурыз 08:21
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының саны бір жылда 244 мың адамға өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 18 897,9 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

Оның ішінде қалалықтар –11 169,7мың (59,1%), ауылдықтар –7 728,2мың адам (40,9%). 2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 244,4 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи өсу көрсеткіші

2021 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 821 адамға немесе 3,6% кеміп, 216,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,44 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтарда туылғандар саны 34,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 0,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,17 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 12,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 5,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,73 қайтыс болғандарды құрады.

2021жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 241 (2020 жылғы қаңтарда–306) нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 21,2% азайды. 2021жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,06 (8,90) оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,8% азайып, 79 290 адамды құрады. Елімізден кеткендердің тіркелу саны 43% азайып, 80 199 адамды, көші-қонның айырымы -909 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 81,9% және тиісінше 84,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 19,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Маңғыстау (90 адам) облысында және Нұр-Сұлтан (2 202 адам), Алматы (3 223 адам) және Шымкент (3 060 адам) қалаларында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT