USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға қашан жетеді

2017 жылғы 13 желтоқсан 12:23
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға қашан жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің есебін сәйкес, үш жылдан кейін Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәліметті комитеттің ресми сайтында ашылған онлайн есептеуіштен де көруге болады. Алайда қазіргі кезде ол жүйеде ұзақмерзімді болжам жасалмайды. Себебі автоматты жүйенің деректер базасын және тағы басқа техникалық мәселелерін әлі де реттеу керек. «Әзірше, есептеуіштің негізінде келесі жылға дейінгі қысқа мерзімді болжам жасауға болады. Мәселен, 2019 жылдың 1 қарашасын енгізсек, ол кезде Қазақстан халқының саны шамамен 18 609 000 адамға жетеді. Ал 19 млн-ға нақты қай уақытта жететінімізді айта алмаймын. Дегенмен, қазіргі мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында біз аталған көрсеткішке жетеміз», - деді Н.Айдапкелов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосты. Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады. Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады. Аталған жоба 71 жастағы Ерболат Мұсабектің жетекшілігімен іске асты. Қазақстандық есептеуіштің басты артықшылығы сол, барлық мәліметтер ай сайын жаңартылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT