Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 364.95 EUR 416.99
RUB 5.55 CNY 52.58
Jańalyqtar

Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

2018 жылғы 15 қыркүйек 10:35 1086
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жалақысы жоғары салалар анықталды - СҚО Елімізде ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар қандай

Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 процент, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 процент.

Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) өсіп, 150 мың адамды құраған. 

Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, былтырғыдан 1% артық.

Көші-қон органдарының ұсынған ақпараты бойынша, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған. Елімізден кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT