Қазақстан халқының Генаға деген махаббаты еш суымайды - Мұхамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді қолдап, хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында бүгін Лас-Вегаста (АҚШ) өткен кезекті жекпе-жегін сан мыңдаған қазақстандық жанкүйерлер көріп, іштей тілеулес болып отырды. Алғашқы кездесуде тең түскен жекпе-жек, бұл жолы Альварестің жеңісімен аяқталды. Төрешілердің басым көпшілігі жеңісті мексикалық боксшыға берді. Бұл Геннадий Головкиннің өз мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Естеріңізге салайық, бұдан соң, Сауль орта салмақта WBA/WBC/IBO белбеулерінің иесі атанды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді қолдап хат жолдады.

 «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және өз атымнан саған осындай жарқын кездесуің үшін алғыс білдіргім келеді. Спортта барлығы мүмкін, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Қазақстан халқының өз батыры Генаға деген махаббаты еш суымайды. Сен бүкіл әлемге Қазақ боксының әлеуетін дәлелдедің. Бізбен бүгінде тек әуесқой рингте ғана емес, сондай-ақ кәсіби алаңда да әлем боксшылары санасады. Сенің кәсіби мансабыңда жарқын жеңістер болды әрі болады да. Сен біздің мақтанышымызсың.

Мен саған зор денсаулық, отбасыңа береке мен кәсіби рингте бұдан әрі де табыстар тілеймін!!!», - деп жазған хатында Арыстанбек Мұхамедиұлы.     

Соңғы жаңалықтар