Қазақстан халқының бірлігін насихаттауда БАҚ-тың рөлі зор - Прокопенко

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Халық Ассамблеясы журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті.  ҚХА басқарма төрағасының орынбасары Л.Прокопенко ұлттар тұтастығында БАҚ-тың арқалаған жүгі ауыр екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусымда Бурабайда ҚХА «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын бастады. Бұл - қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен құндылығын, философиясын өзге этнос өкілдеріне таныту идеясы. Жедел ақпараттандыру дәуірінде жетіліп келе жатқан ұрпаққа татулықты мирас етіп қалдырумыз керек. Қазақстан халықтарының бірлігін насихаттауда  БАҚ-тың рөлі зор. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының әр санын «Қазақтану» жобасымен айдарлап, бұл тақырыпқа білікті мамандарды тартуымыз керек»,-деді ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.
null 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов этносаралық келісімді қолдауға дайын екенін айтты.

«Министрлік этносаралық келісімді насихаттау бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсетеді. ҚХА этномәдени бірлестіктерін дамытуға үлесімізді қосуға  дайынбыз. Сондай-ақ министрлік этникалақ ақпарат құралдарының елдің ақпарат кеңістігіне қосқан үлесін жоғары бағалайды. Келісім, татулық, этникалық топтар жөніндегі ұсыныстарды қолдап, көмегімізді береміз»,-деді Ержан Нүкежанов.
null 

TedX форматында өткен клуб жиынында «Айқын» газетінің  бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Хабар» телеарнасының директоры Ерлан Игісінов, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов, ҚХА журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы атанған «Хабар» арнасы шеф-редакторы Қымбат Хангельдина мен басқа да танымал блогерлер БАҚ саласына қатысты тың идеяларымен бөлісті. 
null null
null null 

Жиын соңында БАҚ қызметкерлері достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқандары үшін марапатталды.  

null 

Соңғы жаңалықтар