+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дін өкілдері бас қосты

2021 жылғы 30 сәуір 16:57
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дін өкілдері бас қосты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін алдағы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері жиналысының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3000 га-ға дейін ұлғаяды Қарағанды облысының Сарышаған кентінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін не істеледі

ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара аясында дін қайраткерлері Нұр-Сұлтанда Президент саябағының аумағындағы Конфессияаралық келісім аллеясында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Отырысқа және экоакцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, иудаизм, православ, католик, лютерандық, баптистік, пресвитериандық, елуіншілер мен Новоапостолдық шіркеулерінің және басқа да діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтті.

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Еліміздің этностық және діни әралуандылық мемлекет пен қоғамның да көпвекторлы дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нүкежанов.

Сонымен қатар ол, бұл іс-шара конфессиялардың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Жасыл Қазақстан» жобасын қолдайтынын көрсететіндігін жеткізді.

Еске сала кетсек, аталмыш акция 2017 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT