Қазақстан халқының 71 пайызы Елбасы Жолдауынан хабардар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан ел халқының 71 пайызы хабардар. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 13-14 қаңтарында «Нұр Отан» партиясының Саяси сараптама және стратегиялық зерттеулер орталығы халықтың Жолдаудан құлағдар екендігін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 78 пайызы Мемлекет басшысының бейне үндеуін көрсе,71 пайызы Жолдау жайында біледі. Бұған қоса, сауалнама қатысушылардың 22 пайызы Жолдауды телевизиялық жаңалықтардан, 15 пайызы әлеуметтік желілерден білген. Ал 9,5 пайызы Жолдау мәтінімен толықтай танысып шыққан. Толықтай алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы еліміздің түпкір-түпкіріне толықтай жетті және халық тарабынан қолдауға ие деп санауға барлық негіз бар», - деді ол.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Жолдау жария етілгеннен кейін бірінші жартыжылдыққа арналған республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шаралар жоспары қайта жасалған. Нәтижесінде барлық партиялық жұмыстардың 41 пайызы Жолдауды түсіндіруге бағытталған.

«Қазірдің өзінде 5300-ден астам шара өткізілді. Оған шамамен 400 мың адам қатысты», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар