Қазақстан халқының 40,2% коронавирусқа қарсы егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кейінгі 3 айда коронавирустан емделіп жатқандардың саны 2 есе азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе азайды (90 767 науқастан 43 397 науқасқа дейін)», - деді бірінші вице-министр.

Оның мәліметі бойынша, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинамен жалпы халықтың 40,2 пайызы қамтылған.

«Екпенің 1-компонентімен 8 миллион 300 мыңнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 73,4% немесе жалпы халықтың 44,3% қамтылды, 2-компонентпен 7 миллион 600 мыңға жуық адам вакциналанды. Бұл - егілуге тиісті халықтың 66,6% немесе жалпы халықтың 40,2%», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар