Валюта бағамдары:
    usd/kzt 416.91 eur/kzt 446.47

    rub/kzt 7.34 cny/kzt 62.53
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаражат ашық жарияланады

2022 жылғы 22 қаңтар 13:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорға аударылған қаржы ашық жария етіліп, халық бақылап отыра алады. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатына қатысып, қор қызметіне қатысты басты жайттарды тарқатып берді.

«Қорға түскен қаражат көлемін тұрақты түрде халыққа жария етіп тұрамыз. Оның ішінде бизнес өкілдерімен қатар ірі компаниялар да бар. Бұған дейін 2 рет қорға қандай көлемде ақша түсіп жатқаны туралы ақпарат берген болатынбыз. Қайырымдылықтан бөлек, қорға лотерея қызметі операторларынан қаражат түседі. Сол сияқты Үкіметпен анықталған ұтыс тігу орталықтары мен басқа да табыс көзінен қаражат аударылады. Бұл жұмысты енді қолға аламыз», - деді Б.Жәмішев.

Төрағаның айтуынша, жеке тұлғалар қор қызметінің жандануына ерікті түрде қол ұшын созып жатыр.

«Біз біреуді қинап, еркінен тыс ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсымыз. Қайырымдылық - адамның өз қалауымен жасалатын шара. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің қорға ақша жинап беруіне қатысты шағымды естіп жатырмын. Әрине, біз де қарсымыз. Егер азамат өзі солай шешіп, жақсылық жасау ниетімен аударса, онда іс басқа», - дейді ол.

Бұған дейін қор басшысы түсіп жатқан қаржының алдымен қайда жұмсалатынын айтқан еді.


Автор:

Әли Ибраев

Новости по теме