«Қазақстан халқына» қорына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын. Аталған қорға ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

«Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Сонымен қатар төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Қор қызметі барынша ашық болады», - деп жазды Берік Уәли.


Соңғы жаңалықтар