«Қазақстан халқына» қоры мүгедек балалар арасында қосымша конкурс өткізеді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қоры білім гранттарын тағайындау бойынша қосымша байқау өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына» қоры мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттерге білім грантын тағайындауға арналған қосымша байқау ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.

Осыған байланысты, 18-31 қазан аралығында «Taiburyl» ҚБ цифрлық платформасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер үшін қосымша байқау жарияланады.

Сондай-ақ, барлық үміткерлер мына талаптарға сай болуы тиіс:

- Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек

- «Қазақстан халқына» ҚҚ және «Taiburyl» ҚБ лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ комиссия мүшелерімен үлестес болмауы;

- Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын және келесі тұлғалар болып табылатын студенттер:

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатарынан.

Байқауға қатысу үшін «Taiburyl» платформасында онлайн-өтінімге мынадай құжаттарды тіркеу қажет:

1. Үміткердің жеке куәлігінің түрлі түсті көшірмесі;

2. Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт);

3. ҰБТ сертификаты;

4. Орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі/колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерде екенін растайды);

5. Ата-ананың/заңды қамқоршының жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі;

6. Үміткердің ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі;

7. Үміткердің екі ата-анасының соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы;

8. Үміткердің туған (ата-анасы бір) бауырларының мүгедектігін растау туралы анықтама (тек EGOV сайтынан анықтамалар қаралады);

9. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

10. Үміткердің қандас бауырларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

11. Мотивациялық хат (250 сөзден кем емес):

- өзі және отбасы туралы ақпарат;

қызығушылықтары мен хоббилері мен жетістіктері;

- оқу ақысын төлеуге қаржылық көмек қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;

- неліктен мен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым.

12. Үміткердің өмірбаяны (кемінде 100 сөз).

Егер үміткерлер саны грант санынан асып кетсе, «Қазақстан халқына» қоры 3 байқау өткізу кезінде келесі кезектегілер басым құқыққа ие болады:

- Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар жасына қарамастан туған (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері,қарындастары бар ауылдық жерлерден үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер);

- Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі туған (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері,қарындастары бар үміткер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер;)

- Отбасында 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар 18 жастан асқан туыстары (ата-анасы бір) ағалары, бауырлары/әпке-сіңлілері,қарындастары бар үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер).

Онлайн-өтінімді қабылдау мерзімі «Taiburyl» ҚБ сайтында 18-31 қазанды қоса алғандағы аралықта өтеді, модуль сағат 00:00-ге дейін ашық болады.


Соңғы жаңалықтар