«Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің орташа айлығы қанша

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры София Айсағалиева қор қызметкерлерінің орташа айлығы қанша екенін айтты, деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.

«Әкімшілік шығындар туралы айтсақ, былтырғымен салыстырғанда біз өсіп қалдық. Былтыр 25 адам болса, биыл 47 адам жұмыс істейді. Өткен жыл қалыптасу жылы болды. 25 бағдарламаны бекіттік. Сондықтан адамдар керек болды. Дей тұрғанмен біздің алдымызда әкімшілік шығынды өсірмеу туралы міндет бар. Штат саны ішкі аудит қызметі пайда болуына байланысты да артты - 2 адам алдық. Орташа айлық бойынша былтырғы көрсеткіш түсті. Былтыр орташа айлық көлемі 565 мың теңге болса, биыл 390 мың теңге»,- деді қор өкілі.

Оның айтуынша, қор 5 айда қызметкерлерінің айлығында 90 млн теңге жұмсаған.

Ал қор төрағасы Болат Жәмішев айлыққа кететін әкімшілік шығындар қорға түскен аударымдардан емес, банкке салған депозиттердің сыйақысынан алынатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар