«Қазақстан халқына» қоры қостанайлықтарға жаңа үйге зат алуға көмектеседі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтарға «Қазақстан халқына» қоры атынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысындағы төтенше жағдай бойынша біз жағдайды бақылап, әкімдікпен байланыстамыз. Жалпы, қоғам қостанайлықтарға көмек көрсету бойынша ауызбіршілігіміз бір екенін тағы бір дәлелдеді. Біздің қор өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға көмекті үйлерді салып болғаннан кейін көрсетеді, яғни жаңа үйлерге тұрмыс заттарын алуға қолға ұшын созамыз. Өңір әкімі біздің ұсынымызды қолдап отыр», - деді Болаш Жәмішев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қор жаңа үйлерді инфрақұрылыммен қамтуға да қаржы бөлмек.

Бүгін елордада жұртшылық назарына «Қазақстан халқына» қорының жаңартылған жұмыс тұжырымдамасы ұсынылды.

Одан бөлек, жиын барысында азаматтардың дені «Қазақстан халқына» қорынан көбіне денсаулық жағдайы бойынша көмек сұрайтыны айтылды.

Айта кетсек, қазақстандықтардың 90%-ы қайырымдылық жасауды қолдайтыны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар