«Қазақстан халқына» қоры бастамалары онлайн қолжетімді болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан халқына» қоры бастамалары онлайн қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа қарағанда, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев «Ұлттық мүдде» тележобасына берген сұхбатында қор мен қоғамдастықтың өзара іс-қимыл тетіктерін жан-жақты тарқата айтып берді.

Оның атап өтуінше, таяу уақытта қордан бірінші болып көмек алатын жобалар мен адамдардың тізімі халыққа жария етілетін болады.

«Бастама пайда болған алаңдар бойынша – халық біздің дұрыс істеп жатқанымызға немесе басқа шешім қабылдау қажеттігімізге қатысты өз ойларын білдірсін. Біз мұндай ұсыныстарға сөзсіз құлақ асатын боламыз», - деді Болат Жәмішев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды.

Бүгінге дейін қорға 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын шоғырландырады деп жоспарлануда.



Соңғы жаңалықтар