«Қазақстан халқына» қоры арқылы әлемдегі ең қымбат дәріні кімдер алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына қоры арқылы омыртқа бұлшықетінің артрофиясына қолданылатын Zolgensma препаратын алған науқастардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада әлемдеггі ең қымбат және Қазақстан аумағында тіркелмеген Zolgensma препараты тұңғыш рет елімізде омыртқа бұлшықетінің атрофиясы диагнозы бар науқасқа қолданылды. Бірінші болып дәріні омыртқа бұлшықетінің атрофиясы диагнозымен дүниеге келген төрт айлық Айнамкөз Айсина алды. Дәріні ағзаға енгізу және оңалту шарасы сәтті өтті. Қазір нәресте туған қаласында. Біз оның отбасына хабарластық. Дәрі қабылдағаннан кейін сәбидің жағдайы тұрақтанған», - дейді «Қазақстан халқына» қорының өкілі Айкерім Есенәлі.

Одан бөлек Фатима Асқар есімдінауқас та аталған дәріні қолдану мүмкіндігіне ие болған.

«Ол осы аптаның соңына дейін «Новартис» компаниясынан сатып алғанған Zolgensma препаратының екі екпесін алуға тиіс. Амина Сүлеймен мен Айсезім Жаңбырбайға да осы дәрі салынады», - деп жазылған қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ана мен бала орталығын және «University Medical Center» корпоративтік қорының медицина орталығын «Қазақстан халқына» қоры арқылы сатып алынған Zolgensma дәрісін тиісті 4 баланың ағзасына енгізетін мекеме ретінде белгілеген.

Швейцарияның Novartis компаниясы шығаратын Zolgensma препараты Гиннестің рекордтар кітабында әлемдегі ең қымбат дәрі болып тіркелген.


Соңғы жаңалықтар