Қазақстан халқы дүние жүзіне өркениетті ел екенін тағы да бір дәлелдеп көрсетті - Елбасы

None
None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан халқы дүние жүзіне өркениетті ел екенін тағы да бір дәлелдеп көрсетті.

3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысының жеңіске жетуіне байланысты бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде ұйымдастырылған «Елбасымен бірге, алға!» атты форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Қазақстан халқы өзінің болашағына негізделген ел ішіндегі бірлікті сақтайтынын дүние жүзіне өркениетті мемлекет екенін тағы да бір дәлелдеп көрсетті»,-деді Елбасы.

Осы орайда Н. Назарбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына 1 мыңнан астам шетелдік байқаушылар қатысқанын, сондай-ақ олар ауқымды шара барысында ешқандайда кемшіліктерді байқамағанын және осы сайлауды заңды деп танығанын атап өтті. «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында үлкен сайлау өткізіп, төрткүл дүниенің назарын Қазақстанға аудардық. Ашық әрі нағыз әділ болған сайлаудың нәтижесінде, жаңа хабарлаған мәлімет бойынша Қазақстан сайлаушыларының 90 пайыздан астамы мені қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс баршамыздың жеңісіміз. Яғни, Қазақстан халқының жеңісі»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Мемлекет басшысының мыңдаған жақтастары мен ниеттестерінен жиналған үлкен форум өтіп жатыр. Онда Елбасының сөзінен кейін еліміздің зиялы қауымнан құралған топ құттықтауларын арнап, танымал әншілер концерт қоюда.

Соңғы жаңалықтар