Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстан халқы бірлікте өмір сүрудің мән-маңызын жақсы түсінеді - Гаухар Арыстанқызы

2022 жылғы 28 сәуір 21:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы бірлік пен ынтымақта өмір сүрудің мән-маңызын жақсы түсінеді. Бұл туралы «Тіл – тұтастық тұғыры» атты рухани-тағылымды кеште елорда әкімдігі тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Гаухар Арыстанқызы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырдық. Атап айтқанда, бірлікте, ынтымақта әрі татулықта өмір сүрудің мән-маңызын баршамыз жақсы түсінеміз. Елімізде адамдарды ұлтына, ұлысына, діліне, дініне, тіліне бөлмей, бәріне құшағын айқара ашып, кім келсе де бауырым деп қарсы алады. Сондықтан Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы нығая берсін, көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін. Ең бастысы, Қазақстан дегенде Қазақ елі екенін білдіретін - мемлекеттік тіліміз. Осы орайда бұл кешті ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан халқының ынтымағын, бірлігін насихаттау, барлық ұлттың өкілінің қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін күшейту», - деді Г. Арыстанқызы.

Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тіл – тұтастық тұғыры» атты рухани-тағылымды кеш өткізді.

Мәдени шарада «Қорқыт» этноансамблі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері, әншілер Алтынай Жорабаева, Құрмаш Мақан, Гүлсім Мырзабекова, Сабыр Гусеинов, Мәди Сыздық өнер көрсетті.

Сондай-ақ Ассамблея құрамындағы этнос өкілдері де атсалысты. Ел бірлігі, ынтымақтасу жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, этносаралық қарым-қатынас саясаты жайлы ақпарат беріледі.

Бұл мереке 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Достық пен өзара түсіністіктің нышаны болған бұл мейрам - Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың бірі.

Сол тұрғыдан алғанда 1 мамыр мерекесі елімізде ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, ауызбірлігінің жарқын көрінісін паш етеді.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары