Қазақстан халқы бір жылда 260 мың адамға өскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.
Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен.


Соңғы жаңалықтар