Қазақстан халқы бір жылда 240 мыңға көбейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18671,9 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18671,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10932,3 мың (58,5%), ауылдықтар –7739,6 мың адамды (41,5%) құрады.

«2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда, халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (65,6 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (58,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) қалыптасты» - делінген хабарлама.


Соңғы жаңалықтар