Қазақстан халқы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп жатыр - Сабир Гаджиев
2022 жылғы 5 маусым 15:05

Қазақстан халқы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп жатыр - Сабир Гаджиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп жатыр. Бұл туралы ТМД ПАА өкілдері тобының үйлестірушісі, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары Сабир Гаджиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін учаскелер ашылған кезден бастап азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқаны бізді қуантты. Таңертең учаскелерде біраз адам жиналғанын байқадық. Біздің топ Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және ел өңірлеріне байқаушы ретінде барды. Топтың құрамында сенаторлар, депутаттар, парламент өкілдері, халықаралық мониторинг институтының сарапшылары бар», - деді Сабир Гаджиев «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Референдум» онлайн-марафонында.

Сонымен қатар, ол кешеден бері Қазақстанда бірқатар кездесу өткізгенін айтты.

«Жалпы, референдумға дайықтың барысымен егжей-тегжейлі танысып шықтық. Бүгін таңертең учаскеге барған кезде, рәсімдердің барлығы қабылданған құжат аясында жүргізіліп жатқанын көрдік. Демалыс күні болғандықтан, тұрғындар дауыс беруге кештеу келеді деп ойлағанбыз. Алайда, адамдар учаскелерге қарай белсенді түрде ағыла бастады. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп жатқанын, елінің болашығына бейжай қарамайтынын байқатады. Атап айтқанда, Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілмек. Біздің өкілдер байқаушы ретінде қызметін жалғастырады», - деді ТМД ПАА өкілдері тобының үйлестірушісі.

Осы орайда, ол дауыс беру процесі аяқталғаннан кейін барлық ақпаратты жинақтап, қорытынды мәліметті қоғамға ұсынатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған онлайн-марафон кезінде «алдымен экономика немесе саясат» деген тақырып талқыланып, сарапшылар пікір білдірген еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT