Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты әділетсіз сын көп айтылып жүр – Аида Балаева

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауы Қазақстан халқы Ассамблеясының жасампаз негізі бар екенін тағы да дәлелдеудің тамаша мүмкіндігін ашып отыр. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент іс жүзінде әрбір сөзінде жұмыстағы тиімділіктің басымдығына баса назар аударып келеді. Ашықтыққа, проблемалы мәселелерді талқылауға дайын болуға деген ұмтылысты өзінің үлгісімен көрсетіп жүр. Өз әріптестерінен де осындай белсенді прагматикалық қадам күтеді. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының бүкіл қызметі Жолдаудың міндеттерін іске асыруға қажетті мүмкіндіктер өрісін қалыптастыруға бағытталған белсенді озыңқы сипатта болуға тиіс. Жағдайды өзгертетін уақыт келді», - деді Аида Балаева Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылаған жиында.

Оның пайымынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты әділетсіз сын көп айтылып жүр.

«Түрлі пікірлер болатыны түсінікті. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының жасампаз негізі бар екенін тағы да дәлелдеудің тамаша мүмкіндігі туып отыр. Бұл тұрғыда бірнеше бағыт бар. ҚХА жанында жұмыс істейтін кеңестер, медиация, қайырымдылық функциялары өздерін тиімді көрсетіп отыр. Біз бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз деп ойлаймын. Сонымен қатар, жаңа жағдайда жұмыстың жаңа бағыттары пайда болады, оларды біз белсенді түрде талқылаймыз», - деді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар