+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, қаржыландырылуын ұйымдастыру «Қоғамдық келісім» РММ-ге жүктелді

2020 жылғы 22 қыркүйек 18:43
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, қаржыландырылуын ұйымдастыру «Қоғамдық келісім» РММ-ге жүктелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық жұмысын жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Аида Балаева: Қоғамдық кеңестердің рөлі айтарлықтай артады Құс тұмауы салдарын жою, ветеринария мамандарына грант: Үкімет шешімі қандай Үкіметте Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасы мақұлданды

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT