Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ведомствоның өткен жылғы қызметін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр біздің салада 20 іргелі іс-шара өтті, оның 8-і әлемдік белді сарапшылардың, белгілі ғалымдар мен саясаткерлердің және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен 60-тан астам екіжақты кездесу өткіздік. Этносаралық және конфессияаралық келісімді, берекелі бірлігімізді нығайту – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Президент тапсырмасына орай, Қазақстан халқы ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленді», - деді Д. Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, еліміздің саяси өміріндегі маңызды іс-шаралардың бірі – 50 елден жүзден астам делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі болды.

«Конгресс кезінде Рим папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары да маңызды оқиға болды. Қазіргі уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2030 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленуде», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.


Соңғы жаңалықтар