Қазақстан халқы Ассамблеясында жас басқарушылар корпусы пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко ҚР Президенті Жолдауына байланысты іске асырылатын жаңа міндеттерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Жолдау кезінде 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын, осыған орай ҚХА тарапы бұл бағытта тиісті шараларды атқаратындығы айтылды. 

‪«Президент белгілеген мақсаттарды ескере отырып, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы 2019 жылға дамудың жол картасын құруы тиіс. Әлеуметтік лифтілердің кең тұғырнамасын құру - ол ҚХА-ның барлық құрылымдарының міндеті. Сондықтан да әрбір этномәдени бірлестіктің, ҚХА-ның республикалық әрі өңірлік құрылымдары жетекшілерінде жастар саясаты жөніндегі орынбасары болуы керек. Олар негізінен біздің жастардың арасынан іріктелуі қажет. Бұл мәселеге қатысты тапсырманы орындауды ұзаққа созудың реті жоқ деп ойлаймын. Жақын арада ҚХА-ның жастар-басқарушылық корпусын қалыптастырамыз. Осы орайда жастар үшін әлеуметтік лифтіні құра отырып, оны ары қарай ілгерілетеміз», - деді Л. Прокопенко.

Сонымен қатар ол Ассамблея Жолдау жүктеген міндеттерді ел халқына түсіндіруге жұмылдырылатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында Леонид Прокопенко Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар