Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламент Мәжілісіне екі кандидатты ұсынды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ведомство отырысы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды. Дауыс беру биылғы 28 сәуірге тағайындалған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына 2 кандидат ұсынылды:

1) Кузиев Закиржан Пирмухамедович – 1969 жылы туған, ұйғыр, «Универсал» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Алматы қаласында тұрады;

2) Тварионас Виталий Ионо – 1964 жылы туған, ұлты литвалық, «Викинг» «Мемлекеттік емес күзет құрылымы» ЖШС заңгері, Қарағанды қаласында тұрады.

Ортсайлауком мүшелері аталған кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылдады. Үміткерлер сайлау бюллетеніне енгізіледі.

Айта кетейік, сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» жолы енгізіледі. Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады.


Соңғы жаңалықтар