Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының жұмысы жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты болып саналатын «Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысы жандандырылады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ассамблея жұмысының екінші негізгі бағыты – ұйымның практикалық шараларын, алуан түрлі және көпформатты әлеуметтік жобаларын Мемлекет басшысының елді дамытуға арналған тапсырмаларын орындауға бағыттау. Ассамблея қызметінде негізгі назарды мынадай бағыттарға аудару ұсынылады.

Этносаралық салада Ассамблея мен мемлекеттік саясат жүйесін институционалдық және инфрақұрылымдық нығайтуды жалғастыру қажет. Ассамблеяның жалпы жастар құрамындағы, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты – «Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылатын болады», -деген Мемлекеттік хатшы Ассамблеяның барлық қоғамдық институттарының жұмысы жаңа форматта іске асу керектігін баса айтты.

«Ассамблея құрамындағы қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің, ғылыми-сарапшылық кеңестің, журналистер клубының және басқа да құрылымдардың жұмысы қайта сұрыпталып, өзектендірілетін болады», - деді Қырымбек Көшербаев.


Соңғы жаңалықтар