Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысына азық-түлік жөнелтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы «Біз біргеміз!» волонтерлер қозғалысы аясында Жамбыл облысына азық-түліктер және тұрмыстық заттарды жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл игі шара елордамыздағы волонтерлердің көмегімен іске асырылған болатын.

«2020 жылдың 10 ақпаны мен 13 ақпан аралығында өткен акцияға атсалысқандардың қатары көп болды. Қала тұрғындарымен қатар елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де көмек көрсетіп, халықпен бірге екендігін көрсетті. Барлық азық-түлік және тауарлардың жарамдылық мерзімін тексеріп, арнайы қораптарға салып, 10 тонналық жүк көлігімен жөнелттік», - дейді ҚХА Еріктілер қозғалысы «Әлеуметтік» бағыт үйлестірушісі Татьяна Левченко.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы елордалық Достық үйінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар