+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді

2019 жылғы 1 тамыз 10:55
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылғы 5 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген күніне арналған «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді, деп хабарлайды Ассамблеяның баспасөз қызметі.

Осы шараға қарай барлық өңірлердегі ҚХА Достық үйлері базасында сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін Ассамблеяның дәстүрлі жыл сайынғы «Медиация кабинеттерінің ашық есік күні» акциясы өтеді. Ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға бағытталған.

Іс-шаралар барысында медиаторлар қызығушылық танытқан барлық азаматтарға кеңестер береді және өтеусіз негізде медиативтік келісімдер жасайды.

Акция соттардың, прокуратураның, әділет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам қайраткерлерінің, кәсіби медиация орталықтары өкілдерінің және т.б. қатысуымен ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелері медиацияны дамыту мәселелері бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізуі көзделген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT