+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

2020 жылғы 8 ақпан 16:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қордайдағы жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды жасауымыз керек - Мәулен Әшімбаев Сапарбаев төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб отырысын өткізді Қордай оқиғасы: неліктен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

«Қордайдағы оқиға ел азаматтарының әрбірінің жүрегіне қанжардай қадалды. Оқиға кезінде азаматтарымыз көз жұмды. Қазақстан халқы ассамблеясы көз жұмған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. Мемлекет басшысы жанжалдың салдарын еңсеру бойынша нақты тапсырмаларды берді. Біз Қазақстан халқын осынау іске үн қосып, қолдау білдіруді сұраймыз», - делінген ҚХА мәлімдемесінде.

Ассамблея елдің барлық өңірінде этномәдени бірлестіктердің басын қосып түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Ассамблея мүшелері кез келген қылмыстың ұлттық сипаты болмайтыны, сондай-ақ кінәлілердің бәрі заңға сәйкес анықталып, жазалануы керектігі жайлы ортақ пікір білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі ең маңызды міндет - арандатушылыққа бой алдырмай, жеке адамдардың жасаған әрекеттерін тұтас ұлттарға телуге жол бермеу. Ассамблея халықтың даналығына сенім білдіреді әрі біздің азаматтарымызды, әсіресе жастарды елдегі бейбітшілік пен келісімді бұзатын және өздеріне зиян келтіретін өрескел сөздер мен әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Қазақстан халқы әрқашан бір-бірімен бауырластық қарым-қатынастың үлгісі болып қала беретініне сенімдіміз. Балаларымыздың ортақ болашағы үшін біз ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермеуіміз керек», - дейді ҚХА мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ҚХА жалған мәліметке сенбей, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдарға көмек көрсетуге, елдегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға шақырады.

фото: instagram.com/qazaq_orkeniet


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT