+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық марафоны жалғасуда

2020 жылғы 28 наурыз 15:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық марафоны жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық өңірлерде «Біз біргеміз» акциясын жандандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «біздің қалаларымыздың барлық негізгі көшелерінде біз азаматтарға бетперделерді тегін тарата алатын боламыз. Бұл үкімет алдында тұрған өте шұғыл және жедел міндет» деп атап өткен болатын.

Осы үндеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы да атсалысып, #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында 21-26 наурыз аралығында жалпы алғанда 3,5 миллион теңгеге жуық сомаға материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ 500-ден астам отбасына қолдау көрсетіп, өңірлерде 100 000-нан астам бетперделер тегін таратылды.

2020 жылғы 20-26 сәуір күндері «Біз біргеміз!» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері аз қамтылған көп балалы отбасыларға және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық іс-шаралар өткізді. «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы көп балалы 15 отбасына бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде 150 мың теңге сомаға көмек көрсетті. Ассамблея волонтерлері зейнет жасындағы адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу, бетперделер тарату бойынша акцияларға қатысты, ПИК өкілдерімен бірге қаланың тұрғын үйлерінің кіреберісіне санитарлық өңдеу жүргізді. «Біз біргеміз!» акциясы аясында 1 млн 350 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Возрождение» немістер қоғамы егде жастағы жалғыз басты адамдарға 100 дана азық-түлік жиынтығын таратты, сондай-ақ жалпы сомасы 1 млн.200 мың теңгеден астам қаражатқа дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының волонтерлері, ҚХА мүшелері мен «Miss Almaty» байқауына қатысушылар метрополитен, қоғамдық көлік және орталық көшелерде алматылықтарға 5000 медициналық бетперделерді тегін таратты.

Жамбыл облысында этномәдени бірлестіктер өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және вирустың таралуына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларына көмек көрсету бойынша азаматтық белсенділік танытуда. Атап айтқанда, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған 2 отбасына 25 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Жамбыл облыстық ассамблеясының Аналар кеңесі аз қамтылған 10 отбасын 100 000 теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті. ҚХА-ның волонтерлер қозғалысы «Жібек жолы жастары» волонтерлерімен бірге қоғамдық қызметкерлерге 200-ден астам қолдан жасалған бетперделер таратты. «Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы 100 000 теңгеге аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Аз қамтылған отбасыларға барлығы 200 бетперде таратылды, сондай-ақ 25 отбасына 225 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ақтөбе облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» волонтерлері және өңірлік жастар орталығы Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралдарымен және маскалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырды.

16-24 наурыз аралығында Ақмола облыстық ҚХА волонтерлері #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында 4 қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне жалпы сомасы 240 мың теңгеге антисептика құралдарын, маскалар, дәрі-дәрмек және азық-түліктер жеткізіп берді.

Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен демеушілер азық-түліктер жиынтығын, маскалар, дезинфекция құралдарын және т.б. таратты. Атап айтқанда, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі зейнеткерлерді қолдау жөніндегі жобаға атсалысып, аптасына екі, үш рет ыстық түскі ас беріп, 32 азық-түлік жиынтығын таратты. Павлодар облысындағы «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігі қоғамдық орындарда 4500 дана бетперде таратты, «Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған азаматтарға азық-түлік жиынтығын дайындап, таратты, сондай-ақ балалар бетперделерін таратуды ұйымдастырды. «Ватан» әзірбайжан қоғамы» қоғамдық бірлестігі Наурыз мерекесіне орай 100 балаға конфеттер жиынтығын таратты.

2020 жылғы 20 наурызда Өскемен қаласында «Біздің күшіміз бірлікте» атты акция басталды, акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлері тұрғындарға короновируске «қарсы тұруға» көмектеседі. Кәсіпкер Сайлауұлы Тілеужан өткізген медициналық бетперделер дайындау бойынша шеберлік сағатына жастар қатысып, олар өз қолдарымен жеке қорғану құралдарын жасай бастады. Жұмысқа арналған материалдарды, атап айтқанда, арнайы матаны бизнесмен тегін берді. ШҚО ҚХА волонтерлері дайын бетперделерді қала тұрғындарына таратты, олар өз денсаулығына ұқыпты қарау, гигиена сақтау және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттілігін еске салды. Қала тұрғындарына 1500 дана бетперде таратылды, қазір сәуір айының ортасына дейін қосымша 2000 дана бетперде тігу жоспарланған.

21-23 наурыз аралығында Семей қаласында Достық үйінің волонтерлері тегін бетперделер таратты. Бүгінгі таңда жұмыстар жалғасуда, 500 дана бетперде нақты мекенжайларға жөнелтіледі. Семей қаласының тұрғындарына көшелерде де бірнеше рет бетперделер таратылды. «Семей медициналық университетінің» ректоры Ерсін Жүнісов Семей қаласындағы Достық үйінің этномәдени орталықтарының волонтерлеріне таратуға арналған 1500 бетпердені табыс етті. «Университет жанында тігін цехы жұмыс істейді, ол бүгінде көп рет қолданылатын маскаларды шығаруға толық бағытталған. Олар бірінші кезекте университет қызметкерлеріне және университет госпиталінің дәрігерлеріне және медициналық қызметкерлеріне арналған. Бірақ біз барлығына көмектесуіміз керек» деп атап өтті Е.Жүнісов.

Бесқарағай аудандық ассамблеяның волонтерлік қозғалысы орталығының мүшелері бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді қарт адамдарға таратуды ұйымдастырды. Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылының волонтерлері 500 дана бетперде дайындап, тегін таратты.

Катон-Қарағай ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты, 21-24 наурыз аралығында этномәдени бірлестіктер өкілдері, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, волонтерлер бетперделер мен ақпараттық парақшалар тарату бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 250 бетперде, 95 ақпараттық парақша таратылды. Волонтерлер қайырымдылық көмекке бөлінген азық-түлік жиынтықтары мен гигиена құралдарын таратуға қатысты. Жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылғы 20-23 наурыз аралығында Алтай ауданында волонтерлер зейнеткерлерге 180 дана бетперде таратты, 5 жалғыз басты қарт адамға азық-түлік сатып алуға көмектесті, 250 данадан астам газет таратты.

Глубокое ауданының «Достық үйі» КМҚК-де 120 дана (60 – ересектер, 60 – балалар) бетперде тігіліп, аз қамтылған отбасыларына, мүгедектерге және тыл еңбеккерлеріне таратылды.

Шемонаиха ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты 12 800 адамды бетпердемен қамтамасыз ету жоспарлануда, олардың қатарында көп балалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер бар.

Ағымдағы жылғы 19 наурызға дейін ШҚО ҚХА волонтерлерінің күшімен 5050 дана медициналық бетперде таратылды. Сонымен қатар, облыстың ішкі саясат басқармасы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы басылымын шығарды, бұл басылымдарда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы мақалалар басылды.

Этномәдени бірлестіктер, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ волонтерлері Атырау облысында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын күшейтуде. Күн сайын қарт адамдар, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар бетперделермен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетіледі. Украиндық «Довира» ЭМБ ересектер мен балаларға арналған бейімдеу орталығына теледидар, жеміс-жидектер, тәттілер тапсырды және қонақтарды бетпердемен қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысында өңірде коронавирустық инфекцияға жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері адамдар көп жиналатын жерлерде: сауда орталықтарында, медициналық мекемелерде, Петропавл қаласының көшелерінде, сондай-ақ облыс аудандарында ақпараттық буклеттер таратуды ұйымдастырды. Ақпаратта коронавирустық инфекцияны жұқтыруға жол бермеу жөнінде сақтық шаралары туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар, волонтерлер қауіп-қатер тобындағы қарт адамдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді үйге жеткізу арқылы көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.

Ақтөбе облысында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде, Ақтөбе облысында санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу шараларын күшейту мәселелері қаралды, іс-қимыл жоспары жасалды.

Ақтөбе облыстық ҚХА «Бірлік» волонтерлерімен Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралымен және бетперделермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Атырау және Қарағанды облысында ҚХА жастары мен Аналар кеңесі «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын жалғастырды.

Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен және этномәдени бірлестіктердің күш-жігерімен жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп а.ж. 20-26 наурыз аралығында қоғамдық орындарда, саябақ аймақтарында және қоғамдық көлікте 9 мыңнан астам медициналық бетперделер таратылды.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері 1200 дана сабын, ылғалды сулықтар, антисептиктер, қалаға кіру кезінде блок-бекетте кезекте тұрған азаматтарға медициналық қолғаптарды тегін үлестіруді ұйымдастырды. Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде қалалық өзбек, түрік, корей этномәдени бірлестіктерінің мүшелері белсенділік пен жоғары азаматтық жауапкершілік көрсетті.

Коронавирус індеті ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті.

Бүгінгі таңда індеттің таралуына барша жұрт жұмыла атсалысуда, өзіміздің және жақындарымыздың өмірі мен денсаулығы біздің өз қолымызда. Жалпы нәтиже әрқайсымызға байланысты, сондықтан # bizbirgemiz акциясы жалғасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT