Қазақстан халқы Ассамблеясы Арысқа 65 тонна гуманитарлық көмек жеткізді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Арысқа 65 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Үш жүк көлігіне тиелген азық-түлік пен құрылыс заттары жарылыс болған аймаққа жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Сабит Юсуповтың сөзінше, жеткізілген заттардың жалпы құны шамамен 12 млн теңгені құрайды. Арасында киім-кешек пен күнделікті тұтынатын тауарлар да бар.null

«Бірлестік тарапынан тағы 5 млн теңге жиналып, оны ақшалай аударатын боламыз. Гуманитарлық көмек мұнымен тоқталып қалмайды. Қазір Алматы қаласында тұратын азаматтар тағы құрылыс материалдарын жинауда. Жақын күндері оларды да жүк көліктеріне тиеп, кезегімен жолдай береміз деп жоспарлап отырмыз»,- дейді Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы.

null

Соңғы жаңалықтар