«Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» эстафетасының символы - Тайқазан Павлодарға келіп жетті (ФОТО)

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» эстафетасының символы - «Тайқазанды» қабылдады.

Достық үйінің алаңында этномәдени бірлестіктер ізгілік пен келісімнің символын салтанатты түрде, музыкамен, әнмен және «шашу» дәстүрімен қарсы алды.

«Биыл еліміз өз тарихындағы маңызды даталарды атап өтуде, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы. Біз өзімізге Солтүстік Қазақстанда табысталған символикалық тостаған - игілік пен молшылық тостағанын Павлодарға жеткіздік. Оны әрқайсымыз 20 игі іспен толтыруымыз керек. Бұл қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек болуы мүмкін. Біз ардагерлерімізге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетудеміз. Ассамблеялықтардың әрқайсысы 20 игі іс жасауы тиіс», - деді поляктардың «Полония» қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Виталий Свинцицкий.

Бүгін Тайқазан Павлодардан Екібастұз қаласына жеткізіледі. Онда «ҚХА - 20 игі іс» эстафетасының аясында «Шіркін, Life» мерекесі өтеді.

Тостаған ертең Ақсу қаласына «Көңілді масленица» қалалық мерекесіне жеткізіледі.

23 ақпан күні «Тайқазан» символы Шығыс Қазақстан облысының өкілдеріне табысталады.

Соңғы жаңалықтар