Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Марзият Юсуповна Тохаева Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Марзият Тохаева 1960 жылы Степняк қаласында туған. Көкшетау университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар. Әр жылдары Көкшетау қалалық тұрғындарды әлеуметтік қолдау бөлімі, Көкшетау қаласы әкімі аппараты және Ақмола облыстық қаржы басқармасында жауапты қызметтерде болды.

2005-2015 жылдары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облыс әкімі аппаратының ішкі саяси жағдайларды талдау бөлімінде қызмет атқарды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар