Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Қазақстан халқы 18,44 млн адамға жетті

2019 жылғы 15 мамыр 14:06 518
Бөлісіңіз:
Қазақстан халқы 18,44 млн адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан халқының саны 18 млн 448,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың 1 сәуіріне қарағанда 238,8 мың адамға немесе 1,3 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ет өндірісі 5,7% артқан Елімізде сыртқы сауда айналымы 20 млрд доллардан асты

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегінше,  қала тұрғындарының саны 10 млн 734,2 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл тұрғындары 7 млн 714,47 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрайды.

Қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа толмаған 856 сәбидің шетінеуі тіркелген. 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 4,4 пайызға артып отыр.  2019 жылдың қаңтар-наурызында сәби өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген балаға шаққанда 9,31 оқиға болды.

Сәби өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болған жағдай саналады. Оның салдарынан қаңтарда 447 бала шетінеді. Туа біткен ауытқудан 164, тыныс алу мүшелері ауруынан 72, төтенше жағдайлардан 24 бала көз жұмды.

Осы жылдың қаңтар-наурызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 8,4 пайызға азайып, кетушілердің саны 22 пайызға артты. Негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5 пайызды және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 89,1 пайыз болды.

Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 14,1 пайызға артты. Өңіраралық қоныс аударуда  көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (369 адам) және Нұр-сұлтан (6 089) мен Алматы (6 559) қалаларында тіркелген.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT